

WhasApp

Біз екеуіміз екі арна боп ақсақта,
Екі бөлек жолды іздеп тапсақта.
Бірімізді біріміз күтеміз кеп,
Қашан кіреді екен-ау деп WhatsApp-қа.
Жолданбаған хатым көп жолдайын деп,
Алдыңда әлсіз болып қалмайын деп
менде үнсіз отырам. Ашуланам
үнсіз қалсаң WhatsApp-та онлайн боп.
Санамда сан түрлі ой құбылады,
Сезімнің құламаған тұғыры әлі.
Тосыннан сен смс жаза қалсаң,
Жүрегім аузыма кеп тығылады.
Үміт келіп уялап, күн шықты мың,
Екеуімізде бірегей тұншықты мұң.
Менің тәкаппарлығым мезгілсіз кеп,
Сенің де ұстап калад(ы) қырсықтығың.
Біз осылай ойменен күн кешеміз,
Жазу емес жүрекпен тілдесеміз.
Біз осылай аңсаумен көз ілеміз,
Желісіз-ақ жүрекпен сезінеміз.
Бірімізден біріміз қалмадық бір,
Көңіліміз WhatsApp-пен алданып құр.
Сезесіңбе біздің қос жүрегіміз
Әлеуметтік желісіз-ақ жалғанып тұр...
Гулжамал Махамбетова.
Бөлісу: