top of page


Өкініш...

Ойда ошпес алаулаған жалынбысың?!
Көңілде ,елес болып жатталасың.
Сен мені бір жерлерде қалдырсаң да,
Сен менің жүрегімде сақталасың.
Сүйем дедің, бірақ барі жалған.
Сөндірдің сезімдерді оттай жанған.
Сен мені бір жерлерде төгіп кетсең,
Мен сені жүрегіме құйып алғам.
Айтшы сен!!!
Барар жерге менсіз қалай жеттің.
Қарамаңдың, сен неге тастап кеттің.
Сен мені бір жерлерде жұлып алсаң,
Мен сені жүрегіме гүлдей ектім.
Қалайша мені мұнша жүдеткенің?!
Ашу, ыза-күйік, өкініш өртенемін.
Сен мені аяғыңмен таптасаңда,
Мен сені ,басыма көтеремін.
Автор: Бағлан Нәлібаев
Бөлісу:
bottom of page