
Егемендік
Тәуелсіздік сый емес тосын келген,
Азаттыққа жеттік біз күреспенен,.
арайлап көгімде атқан әр таң үшін
Алаштың сан оғланы басын берген
Жиырма үш жыл бұл күні азаттыққа
бөлендік мол ырыс пен ғажап құтқа,
Тауелсіз боп, кырандай көкке өрледік
Томағасын "Кеңестің" босаттық та
Талай жылдар шайқастық ұрпақ үшін
асыл әке, қымбатты ана, қыздар үшін,
тәуелсіздік - Алаштың аңсағаны,
алыстатқан Желтоқсан ызғарлысын
"Қазағым, қайран жұртым қалың елім"
жанын беріп сақтаған малын-жерін
Қыйындықпен басыңнан кешірдің-ау
Кешегі Желтоқсанның салқын желін
Күресіп ел үшін азаттық жолында
Азап шекті ғой қызың да, ұлың да
Қазағым солардың арқасы емес пе?
Тұрғаны желбіреп көк туың қолыңда
Бүгін, міне, "Еркін елміз, азатпыз"
Дұшпандардың қолы жетпес мұзартпыз.
Мәңгілікке желбірейді көк туым
Сертім осы, азат жігіт, азат қыз!
Бөлісу: