top of page

Жүрек сыры...

Үйрен жаным өкпелеп,кешіруді.
Сені көрсем ойым мұң есім ұлы.
Жүрегіңе звандап көріп едім,
Әттең,Әттең сезімің өшірулі.

 

Сендей жанды өмірде саяқ көрдім,
Сүйттімде,жаныңа әбден таяп келдім.
Жанарыңның нөмерін теріп тұрып,
Жүрегіңнің түбіне маяк бердім.

 

"133"тергенім бекер екен,
Минус сезім сенде де жетеді екен.
"143"арқылы сезімімді,
Саған қарай жөнелтсем кетеме екен.

 

Хабарласшы мендегі тариф тегін,
Өшірдімде жадымның памятьтерін.
Сақталайын деп едім флешкаңа,
-“Менің басым әзірге занять дедің”.

 

Айтқанымды айтқызбай біліп тұршы,
Соткамдағы фоным боп күліп тұршы.
Ең болмаса сезімімді талқан қылар,
Жүрегіме вирус боп кіріп тұршы.

 

Саған да сенімсіз жан болмайын деп,
Арманың боп арыңды қорғайын көп.
"Контактеге"айналған жүрегіме,
Қашан жауап бересің "онлайн"боп.

 

Рұқсат бердің жаныңнан өтугеде,
Енді қиын өзіңе жету неге?
Енді үзейін деп жатсам үмітімді,
Комент жазып,басасың лайк неге.?

 

Сені күтіп тірелді ой осыған,
Сені іздедім сезімнің саясынан.
Шығып кетіп жүрмесең болды жаным,
Қызыметтің көрсету аясынан!!!

 

Автор: Назира Нұриддин

Бөлісу: 

© 2023  «Hanafi Media».

 

Ул. Нұрпейісова, Алматы 2014, Казахстан

vk.com/nsb0411

Информация успешно отправлена!

bottom of page