top of page

Жұмадан кейін...

Бір күнінің ақшасын өлшемеген. 
Гүрілдетіп жүргендер Porsche-менен. 
Құлшылық қылып жатқан жұмадағы, 
Мұсылман бауырларды көрсе деп ем. 

Porsche-менен жүргендер геленменен. 
Ойында жоқ мешітке келем деген. 
Грантқа түскенменен ақы беріп, 
Жұмаққа кірер ақы төленбеген.

Өз ақшаң ғой хақың бар жаратуға. 
Байланысты сендегі бәрі ақылға. 
Шарап сатып алғанша күнәсімен, 
Сауап сатып алсаңшы дара тұлға.

Мен де имам емеспін, үлгі емеспін. 
Елім қайда көшсе мен бірге көштім. 
Мешітке кел бауырым, кешікпе кел.
Авторы болам бірақ бұл кеңестің...

Бөлісу:

© 2023  «Hanafi Media».

 

Ул. Нұрпейісова, Алматы 2014, Казахстан

vk.com/nsb0411

Информация успешно отправлена!

bottom of page