top of page

Қоңыр күз
Күн бұлтты бар маң көңілсіз,
Ойланып келем тек үнсіз.
Сағыныш-сары жапырақтар,
Оралып жетті қоңыр күз.
Ұғынбай менің жанымды,
Алыстап кеттің арман қыз.
Өзгертіп өмір жолымды,
Келемін қазір мен жалғыз.
Сіркіреп жауын төгуде,
Жылаған менің жанымдай.
Қаяу-мұң салдың көңілге,
Ойлардан жүрмін арылмай.
1 қазан 2014ж. Семей қ.
Бөлісу:
bottom of page