top of page

Браттарға...


Оқы достым, тыңдағын құлақ барда,
Сана және түйсік керек бұл ақпарға.
Сөз арнадым, көшеде кездескенде,
Бір-біріне "брат" дейтін браттарға...

Қазақ болғын, мың құбылсын дәуір көші,
Ана тілде сөйлегеннің ауыр несі?
Қасиетіңнен айналайын, қазақ бала,
Өтінемін, "брат" деме, "бауыр" деші.

Иманды бол, емін тауып жарамыздың,
Діліміз бен тіліміз дара біздің!
Қастерлейік, бауырым - қазақ тілін !
Бойға сіңген, ақ сүтімен анамыздың!

Бөлісу:

© 2023  «Hanafi Media».

 

Ул. Нұрпейісова, Алматы 2014, Казахстан

vk.com/nsb0411

Информация успешно отправлена!

bottom of page