
АҚЫН СЫРЫН БІЛІҢДЕР!
Ақын деген халық - біреуді ұнатса, жан тәнімен берілде ұнатып сүйетін, біреуді жерісе жиіркеніп жек көретін халық. Ақын деген халық - аңқау да, аңғал, сезімтал да дана халық
Ақын деген халық - көпшілікті сүйе тұрып, жалғыздықты қалайтын, көпшіліктің жүгін арқалайтын, адалдықты жағалайтын, махаббатты аймалайтын, табиғатты аялайтын, жақсылықты бағалайтын, өмірде жақсы көрген адам үшін, шыбын жанын да аямайтын, әлсіздерді қорғалайтын, надандарға жоламайтын, ыстық жас көзінен емес, жүрегінен сорғалайтын, асыл да абзал жандар
" Шын ақын " шындықты сүйетін, әділсіздікке қас қабағын түйетін, әділдікке бас иетін, адалдықты тұмар қылып киетін, шындықтың ыстық отына, өзін тастап күйетін, асыл да абзал жандар.
Бірақ олар да пенде ғой, кей кездкрі адасып қап әуреленіп жүретін. Сонда да досьарынан дұшпаны көп ақынның, арқасынан мазақ етіп күлетін.
Міне, ақын деген осындай жан киелі,
Ақындарға түсінген жандар ғана бас иеді.
Түсінбейтін топас жандар, жамандар,
Жүрегіне ақынның, шаншу болып тиеді.
Бөлісу: