top of page
Кеңесханов Роллан Заманбекұлы


Туған жылы: 17.05.1994

Туған жері: ШҚО Тарбағатай ауданы, Тана мырза ауылы

Ұлты: Қазақ

Руы: Орта жүз, Найман-Жарлығап

Оқу: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет. 

Ұстанымы: Жақсылыққа-жақсылық әр адамның ісі,

          Жамандыққа жақсылық ер адамның ісі.

 

Шығармашылықпен 13-14 жасымнан айналыса бастадым. Сол шақтардағы көптеген қиындықтар, жүректегі сезімдер және қанымда бар қасиет өлең жазуыма себеп болды. Ақындық маған Алланың берген сыйы.  

Насыриддин Сүлеймен 

 

Туған жылы: 04.11.1995

Туған жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауылы

Оқу: ЕУИК 

Ұлты: Қазақ

Руы: Ұлы жүз,Сіргелі-Ақкөңірдек

 

Менің ақындық жолға түсуіме М.Мақатаев ағамыздың шығармалары себеп болды. Сол кісінің шығармаларының арқасында біраз нәрсе біліп, ұғындым.Сол кісінің барлық шығармаларын оқып шыққан соң алғаш қолыма қалам алып,өзімнің шығармашылық жолымды бастадым. Бұл өнерді маған берген Аллаһыма сансыз шүкірліктер айтамын. Ешкімге айта алмайтын сырларымды ақ парақ бетіне түсірумен жеңілдеймін. Өзге ақын жандар мені түсінеді деп ойлаймын :)

Ақындар бөлімі

Арман Абилхасымов Ғабидуллаұлы
 
Туған жылым: 21.09.1997
Туған жері: Өзбекстан республикасы, Зарафшан қаласы
Оқу орны: Теміртау қаласы №8 Жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Руы: Алтын, Кіші жүз

 
Жастайымнан ақын жазушылардың өлеңдерін сүйіп оқитынмын. Ақындық өнер маған әкемнен дарыған болуы керек. Себебі әкемде, атамда Поэзияға жақын кісілер. Бастауыш сыныпта бір сұлуға ғашық болып, сол қызға өлең арнай бастадым. Бүгін міне поэзия әлеміне қадам басып келемін!
Абдуразақов Бекнұр Ерболұлы
 
Туған жылым: 14.01.1995
Туған жері: ОҚО Сайрам ауданы, мкр. Тассай
Оқу орны: ОҚПК
Руы: Ұлы жүз: Сірегелі, Ақкөңірдек

 
Жастайымнан өнерге бейім өскен бала болдым. Ең алғаш Мұқағали ағамыздың өлеңдерін сүйіп оқып, ең алғаш өлеңімді агенттен қыздарға әңгіме айтып бастадым :D Сол сәттен бастап өнерге, ақындық жанырға бет бұрдым. Қазіргі таңда ОҚО бойынша жастар коммитетінің төрағасы, шымкенттің ең жас ақын лаурият атағын ие болдым.

© 2023  «Hanafi Media».

 

Ул. Нұрпейісова, Алматы 2014, Казахстан

vk.com/nsb0411

Информация успешно отправлена!

bottom of page