top of page

Сезім деген - ол сенсің. 

Сезім деген сеңделтеді пендені,
Махаббатты мойындаған барлық әлем елдері.
Сен деп соғар жүрегімнің дүрсүлі,
Түсінсеңші от сезімді мендегі.

Біле алмадым,
Ұғынбайсың сен мені.
Махаббатты сезінеді,
Аққулар да көлдегі.
Ғашық қылып кетпекпісің,
Өле-өлгенше сен мені.

Сезім деген өте тылсым сиқырлы,
Ұрлап жүрсің менің түнгі ұйқымды.
Сезім деген-ол сенсің ғой мен үшін,
Сүйген сәулем бола берші сүйкімді!

Бөлісу:

© 2023  «Hanafi Media».

 

Ул. Нұрпейісова, Алматы 2014, Казахстан

vk.com/nsb0411

Информация успешно отправлена!

bottom of page