top of page

Абайға арнау
Абайым биік өскен алып шынар
Қара сөзің жаныма болған тұмар
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
Жаһанда саған жетер жан жоқ шығар
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өмірмен арпалысып жарысқан кім?
Дәуірлер мен дәуірлерді тебірентер
Жаныма шипа болар Абай хәкім
Келтірген сұлу өлең, сөздің жарқын
Абайдың Қара сөзі маған алтын
Қазақта қаламгерлер көп болсада
Келмеген қапталына ешкім жақын.
Терең ойлы, сөзге шебер данышпан
Түсінбейтін мың мен жалғыз алыстан
Сен кім десе, мен Абайдың ұрпағы
Төл өнерді төрге сүйреп жарысқан
Бөлісу:
bottom of page